“Ақбөбек” бөбекжай-бақшасында “Құлыншақ” кіші тобының тәрбиеленушілерімен “Түстерді ажырату ойыны” дидактикалық ойыны ойнатылды. Ойын барысында балалар қызыл, сары, көк, жасыл түстерді ажыратып, түстерге сәйкес заттарды тауып көрсетті. Тәрбиеленушілер ойынға белсенді қатысып, өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсете білді.
Мақсаты: Балалардың түстерді ажырата білуін, есте сақтауын және зейінін дамыту.
Тәрбиеші: Сеңгірбаева Мира Амандыққызы
KZ