“Ақбөбек” бөбекжай-бақшасында “Еркем-ай” ересек тобының тәрбиеленушілерімен «Ұлттық ойындар әлемінде» тақырыбында ұлттық ойындар ойнатылды. Балалар «Арқан тарту», «Ақсерек-көксерек», «Тақия тастамақ» сияқты ұлттық ойындарды қызығушылықпен ойнап, ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті.
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру, ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық ойындар арқылы ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру және салт-дәстүрді құрметтеуге баулу.
Тәрбиеші: Мамбетиязова Индира Джумабаевна
KZ