«Ақбөбек» бөбекжай-бақшасында педагогтерге арналған Ұстаздар күніне орай «Ұстаз жолы – ұлы жол» атты мерекелік кеш өтті.
Мерекелік шарада ұлағатты ұстаздарға деген құрмет пен жылы лебіздер айтылып, педагогтердің еңбегі жоғары бағаланды. Кеш барысында әндер шырқалып, көңілді ойындар мен қызықты сайыстар ұйымдастырылып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Ұстаз – бала жүрегіне жол тауып, білім мен тәрбиенің дәнін себетін ардақты маман. Олардың еңбегі – үлкен құрметке лайық.
Барша педагогтерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Ұстаз жолы – ұлы жол, ұстаз еңбегі – мәңгілік мұра!
Қазақ тілі маманы: Жаншина Гулжанар Максотовна
KZ