«Ақбөбек» бөбекжай-бақшасында «Еркем-ай» ересек тобының тәрбиеленушілерімен қаржылық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында «Дүкенге барамыз» атты сюжеттік-рөлдік ойын ұйымдастырылды.
Ойын барысында балалар сатушы мен сатып алушы рөлдерін сомдап, ақшаны дұрыс пайдалану, тауар таңдау, сатып алу және сауда жасау дағдыларын меңгерді. Сонымен қатар, ақшаның құнын түсініп, үнемшілдікке, ұқыптылыққа және қарапайым қаржылық шешімдер қабылдауға үйренді.
Мақсаты: Балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшаның маңызын түсіндіру және үнемшілдікке тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Мухитова Базаргуль Мухитовна
KZ