«Ақбөбек» бөбекжай-бақшасында “Еркем-ай” ересек тобының тәрбиеленушілерімен ерте жастан еңбекке баулу және кәсіпке баулу бағыты бойынша «Зергерлік шеберхана» тақырыбында шығармашылық жұмыс жасады.
Мақсаты: Балаларға зергер мамандығы туралы түсінік беру, қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарымен таныстыру, еңбекке қызығушылығын арттыру және қол еңбегіне баулу.
Шығармашылық жұмыс арқылы балалардың қол моторикасы, қиялы мен эстетикалық талғамы дамып, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және ұлттық мұраны құрметтеуге тәрбиеленді.
Тәрбиеші: Мухитова Базаргуль Мухитовна

KZ