Skip to content

ЖИ – педагогтің заманауи көмекшісі

«Ақбөбек» бөбекжай-бақшасында педагогтар арасында «ЖИ – педагогтің заманауи көмекшісі» атты семинар-практикум өткізілді.
Педагогтер жасанды интеллект құралдарымен танысып, оларды күнделікті жұмыс барысында қолдану жолдарын үйренді.
Іс-шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісті. Жасанды интеллект педагогтің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, шығармашылық ізденісіне жол ашатын тиімді көмекші екеніне көз жеткізді.
Тәрбиеші: Сеңгірбаева Мира Амандыққызы

↑