Skip to content

Кішкентай зерттеуші

«Ақбөбек» бөбекжай-бақшасында ортаңғы, ересек және мектепалды топтарының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері арасында «Кішкентай зерттеуші» тақырыбында STEAM және тәжірибелік жұмыстар байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – балалардың зерттеушілік қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, логикалық ойлауын дамыту, тәжірибе жасау арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру және STEAM технологияларын қолдануға баулу.
Байқау барысында өздерінің қызықты жобалары мен тәжірибелік жұмыстарын таныстырып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Тәрбиеші: Мамбетиязова Индира Джумабаевна

↑