Skip to content

«Бағдаршам» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет

«Ақбөбек» бөбекжай-бақшасында «Балдырған» ересек тобының тәрбиеленушілерімен «Бағдаршам» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Мақсаты: Балаларға бағдаршам туралы түсінік беру, оның үш көзі және әрқайсысының өзіндік мағынасымен таныстыру. Жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, жол қауіпсіздігін сақтауға үйрету.
Дидактикалық ойын: «Бағдаршам көздерін тап»
Балалар бағдаршамның түстерін ажыратып, тиісті орындарына орналастырды.
Қимылды ойын: «Бағдаршам»
Шарты: Жасыл түсті көтергенде балалар айналып жүреді. Қызыл түсті көтергенде тоқтап қалады. Ал сары түсті көтергенде аяқтарын топылдатады.
Шығармашылық жұмыс:
Балалар бағдаршамның көздерін қызыл, сары, жасыл түстермен бояды. Түстерді ажыратып, ұқыпты бояуға дағдыланды.
Тәрбиеші: Сеңгірбаева Мира Амандыққызы

↑