«Ақбөбек» бөбекжай-бақшасында “Бала тәрбиесі-ортақ міндет” атты ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының басты мақсаты – отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балалардың сапалы тәрбиесі мен жан-жақты дамуына бірлесе үлес қосу.
Жиналыс барысында бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, ата-аналарға маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігі, тәртібі және балабақшадағы күнделікті өмірі туралы пікір алмасу жүргізілді.
Жиналыс аясында педагог-психолог Г.Жаншина ата-аналарға арналған «Ана жүрегі» атты тренинг ұйымдастырды.

KZ