“Ақбөбек” бөбекжай-бақшасында “Еркем-ай” ересек тобының тәрбиеленушілерімен «Қауіпті заттар мен құралдар» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балаларға қауіпті заттар мен құралдарды дұрыс пайдалану, қауіпсіздік ережелерін сақтау және үлкендердің қарауынсыз оларды қолдануға болмайтыны туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, балалардың зейінін, шапшаңдығын дамыту мақсатында «Кім жылдам?» ойыны ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер белсенді қатысты.
Мақсаты: Балаларға тұрмыста кездесетін қауіпті заттар мен құралдар туралы түсінік беру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиеші: Сеңгірбаева Мира Амандыққызы
KZ