«Ақбөбек» бөбекжай-бақшасының «Балдырған» ересек тобының тәрбиеленушілерімен «Кітап оқы, ақылды бол!» тақырыбында №8 Ақкиізтоғай ауылдық кітапханасына саяхат жасады.
Саяхаттың мақсаты – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және білімге құштарлығын ояту.
Саяхат барысында бүлдіршіндер кітапхана әлемімен танысып, түрлі кітаптарды тамашалады. Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейтіп, кітапты күтіп ұстау мен құрметтеуді үйренді.
📖 Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы!
Тәрбиеші: Сеңгірбаева Мира Амандыққызы

KZ