«Ақбөбек» бөбекжай-бақшасында “Қызғалдақ” мектепалды тобының тәрбиеленушілеріне күз мезгілінің ерекшеліктерін таныстыру мақсатында «Күз» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Іс-әрекет барысында балалар күз мезгілінің ерекшеліктерімен танысып, табиғаттағы өзгерістерді бақылап, күзгі жемістер мен көкөністер туралы білімдерін толықтырды. Түрлі ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы балалардың танымдық қабілеттері, тіл байлығы және шығармашылық дағдылары дамытылды. Күздің әсемдігін сезініп, табиғатты аялауға үйренген бүлдіршіндер үшін іс-әрекет қызықты әрі танымды болды!
Қазақ тілі маманы: Жаншина Гулжанар Максотовна

KZ