Skip to content

Жаңару күні

“Ақбөбек” бөбекжай-бақшасы
Наурызнама онкүндігіне орай бүгінгі Жаңару күнінде ұлттық дәстүрімізді дәріптеліп балаларға халқымыздың салт-дәстүрлерін, құндылықтарын таныстыруда.«Ағашқа ақ құю» ырымы: Жаңа жылда (Наурызда) «ырыс көп болсын, егін бітік шықсын, жеміс мол болсын» деген ниетпен жеміс ағаштарының түбіне сүт немесе ақ тағам бүрку салты болған. Бұл ағаштың «тамыры аққа (молшылыққа) толсын» дегенді білдіреді.
Тілек тілеу: Ағаштың діңіне ақ жағып немесе түбіне сүт құйып жатып: «Биыл өнім көп болсын, ауру-сырқаудан аман болайық», — деп ниет еткен.
Әдіскер: Казбенова Рыскүл Адилбековна