Балабақша туралы
«Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақбөбек» ясли — бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 2015 жылы қаланып, «Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақбөбек» ясли — бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын құру туралы Атырау облысы Жылыой ауданының әкімдігі 2016 жылғы 2-қарашадағы № 415 қаулысы бойынша 2016 жылдың 8-желтоқсанында пайдалануға берілді.
2016 жылдың 17-қазанынан бастап Нарикова Асыл Алимбердиевна меңгеруші міндетін атқарушы болып, 2018 жылдың 9 қарашасынан бастап «Ақбөбек» бөбекжай – бақша меңгерушісі болып тағайындалды.
Атырау облысы Жылыой ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпанындағы №62 қаулысы бойынша «Ақбөбек» ясли-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының атауы «Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып қайта тіркелді.
Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30-желтоқсанындағы № 270 қаулысы бойынша Жылыой ауданының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік мекемелер мүліктік кешен ретінде Атырау облысының коммуналдық меншігіне қабылданды.
Атауы: «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: Қазақстан Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылдық окпугі, Ақкиізтоғай ауылы, Мендекеш Сатыбалдиев құрылыс 216, пошта индиксі 060104. Ғимарат 2 қатарлы, жалпы алаңы -1761,9.
Жобалық қуаттылығы 160 орын, жас ерекшеліктеріне қарай 7 топ жасақталған. Ұжымда жоғары білімді-6, арнаулы орта білімді-12 педагог жұмыс жасайды.
Бөбекжай — бақшада тәрбиелеу және білім беру жұмысы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақшада Монтессори кабинеті, психолог кабинеті, бірге жабдықталған саз және спорт залы, медициналық кабинеттер бар. Кабинеттер қажетті әдістемелік және техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген.