“Ақбөбек” бөбекжай -бақшасында балабақша ішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез — құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата — ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата — ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым — қатынасты қалыптастыру.